Мектеп бітіру кешін мейрамханада тойлаудан бас тартты

(0 Votes)

Доссор кенті әкімдігінде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өтті.

Жиынға Доссор кентінің әкімі Асылбек Әбілғазиев, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенжан Төлешқалиев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Құттыбай Садықов және ардагерлер, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.Кездесу барысында кенттегі құқық бұзушылық ахуалы таныстырылып, ҚР Қылмыстық Кодексінің баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды.

Оқушылар мен студенттердің құқық бұзушылығына қандай іс-әрекеттер жататынын, соған сәйкес баптар бойынша қолданылатын жаза түрлерін, айыппұл мөлшері туралы кең түсінік беріп өтті.

Жиын барысында мектеп басшылары мектеп бітіру кешінде сәнді киім киіп, мейрамханада тойлаудан бас тартқандарын айтып, ата-аналар мен оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілгенін баяндады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521