Масаны улап жатыр

(0 Votes)

Мақат кентінде масаны улау жұмыстары жүруде.

Ол үшін жергілікті бюджеттен қосылған құн салығымен 5 млн теңге қаржы бөлінген. «AG Dеsinfection Services» мердігер мекемесі көшелер мен саябақтар, демалыс орындарын және аудан орталығындағы 73 көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін белгіленген жеті ай ішінде 8 рет дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді.

Көшелер, жасыл желектер, көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері, кіреберістері, саябақтарға күні бүгінге дейін улау жұмыстары жүріп өтті.

Мамандар дернәсілдердерді улауға қолданатын дәрі-дәрмектің иісі жоқ, адам ағзасына зиянсыз екендігін айтады. Ол тиісті жерлерге себілгеннен кейін, 15-20 күнде нәтижесін береді. Ал, жылдағы жүргізілетін мониторинг бойынша, масаны толықтай жойып жіберу мүмкін емес.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521