Студенттерге жатақхана таршылық етуде

(0 Votes)

«Қазақстан – 2050» стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлт­тық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін құбылыс қатарына қойылып, мем­лекет пен қоғамды онымен күреске жұмылдыру көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы мен осы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды құжаттарының бірі болып табылады.

Аптаның сейсенбісі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Кеңес отырысына Аманияз Қабдолов төрағалық етіп, жұмысына мүшелері, фракция мүшелері қатысып отырды.

Партияның бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған шаралар тізбегіндегі отырыстың күн тәртібінде кеңестің жылдық жоспары мен Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі директоры Ізтұрған Таспаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық жоспар негізіндегі жұмысты ұйымдастыруы туралы есебі тыңдалды.

Колледж – аудан көлеміндегі тарихи білім ошағы. Сонау мұнай өндіріле бастаған тұста жұмысшылар үшін ашылған оқу орын бүгінде заман талабына сай жаңарып, жақсара түсті. Еңбек нарығына сай сұранысқа ие мамандарды дайындау ұстаханасына айналған оқу орнында қоғам дертіне қарсы бағытта түрлі іс-шаралар жасақталып, үнемі бақылаудан түспей келеді.

Кеңес мүшелері колледждің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы сұрақтар қойды.

27 түрлі мамандыққа бейімдейтін оқу ордасының түлектері оқу процесі кезінде мемлекеттің жан-жақты қолдауына ие. Бүгінде білім алушылардың 60 пайызын доссорлықтар құраса, 30 пайызын мақаттықтар, ал қалған 10 пайызын өзге жерден, яғни облыс көлемінен келген студенттер құрап отыр.

Жатақхана тұрғындары және әлеуметтік жағына аз қамтылған отбасы балалары ыстық тамақпен қамтылып келеді. Десек те, жатақхана сұраныс жылдан-жылға артуына сәйкес қазіргі 45 орын аздық етуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшысының жіті назарын керек етіп отыр.

Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік аясын одан әрі кеңейту бағытындағы жұмыстарды жандандыру бағытын көздейді. Осы ретте баяндамашыға ұсыныстар да берілді.

Отырыс соңынан қаулы қабылданып, қаралған мәселелерге орай шешімдер алынды.

Г.САЛИКОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521