Мұржа бітеліп, газден уланды

(0 Votes)

Қыс мезгілінде жылыту қазандықтарын қауіпсіз пайдалану, мұржаларды тазалау өзекті мәселе болып табылады.

Жылыту қазандығының мұржасының бітеліп қалуы салдарынан 2019 жылдың 13 қаңтарында Доссор кентінде 1964 жылы туылған азамат көмір қышқыл газына уланып, дәрігер көмегіне жүгінді. Доссор ауруханасында алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілген тұрғын қазіргі таңда Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

Бұл оқиға ауданның өзге тұрғындарына сабақ болғанын қалаймыз. Сондықтан, өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңыздың қауіпсіздігін сақтау және де келеңсіз апатты оқиғалардың алдын-алу мақсатында үйлеріңіздегі жылыту пештерінің құрылыс нормалары мен ережелері талаптарына сәйкестендіруге аса назар аудару қажет. Сол сияқты анықталған кемшіліктерді жойып, кемінде 3 айда бір рет мұржаны күйеден тазалау жұмыстарын жүргізуді есте ұстаған жөн.

Осы жылыту маусымы кезінде мүдделі органдардың қызметкерлерімен бірлескен жұмысшы тобы құрылып, ауданда орналасқан көп қабатты үйлер мен жеке тұрғын үй секторларын аралап, мұржалар тексеру жұмыстары жалғасын табады.

Б.ЖАЙКИН,

аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521