Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңызды

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне айрықша тоқталып өтті. 

«Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда, орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда қолайлы», - деді Президент.

Негізінде, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – бүгінде алдыңғы орынға шығарылып отырған мәселелердің бірі. Бұл - экономикалық өрлеу мен әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Сондықтан, елімізде бизнестің жоғары деңгейде дамуы жолында түрлі жобалар қолға алынып келеді. Осы тұрғыда халық мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті оңтайлы пайдалану керек.

Айта кетейін, бүгінде аудан тұрғындарының бизнеске деген қызығушылығы жоғары. Соның нәтижесінде, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласы өткен жылға қарағанда саны бойынша жақсы өсіп келеді.

Гүлназ Едігеева,

Кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT