Бүгін Парламент сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.
Ел Президентінің кезекті Жолдауын зор ықыласпен тыңдап, толғаныспен қабылдадық.
Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.
Ел Президенті өз жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, суды үнемдеу бойынша бастама көтерді. Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас құжат әзірлеуге шақырып, жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аудару кезеңі де келіп жеткенін айтты.
Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел Президенті өз жолдауында көлік-логистика саласына айрықша тоқталып өтті.
Мұнайлы мекеніміз тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан стратегиялық маңызы бар көлік-логистика саласындағы мәселелердің шешілуі біздің аудан үшін өте маңызды. Президент ең алдымен «Достық-Мойынты», «Бақты-Аякөз», «Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажет екенін баса айтты. Сондай-ақ, «Болашақ-Челябинск» теміржол желісінің Қазақстандағы бөлігін жаңғыртуға кірісу қажет екенін тапсырды. Ең маңыздысы «Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқталатынын жеткізді.
Бүгінгі Жолдау еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.
Әсел Қаржауова,
“AMANAT” партиясы Мақат аудандық филиалының төрағасы, Мақат аудандық мәслихат депутаты