Экономикалық серпіліс - дамудың негізі

(0 Votes)

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталып өтті. 

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайда жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда»,- деді Президент өз сөзінде.

Сондай-ақ, Президентіміз маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар екендігін айтып өтті.

Жалпы, мемлекеттің бірден-бір тұғыры ол – экономика. Сондықтан да, еліміз алдағы уақытта да экономикалық даму деңгейі жоғары, білімі мен ғылымы озық, қай саласы да бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы қажет. Осы арқылы бүгінде ел экономикасы тұрақты дамып, соның нәтижесінде оң көрсеткіштерге қол жеткізіп келеміз. Мемлекет басшысы айтқандай, жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз үшін, аталған жұмыстарды батыл жүргізуіміз керек. Бұл ең алдымен халықтың тұрмыс салтын жақсартуға бағытталады. Ал, бұл қуатты да табысты мемлекетке айналудың бастамалары болары анық.

Светлана Сарбалиева,

Мақат аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT