Атырау қаласындағы облыстық халық шығармашылық орталығының сахнасында «Ата-баба аманаты» атты байқау өткен болатын. Атырау облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған байқау республикалық ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына арналды.
Жеті аудан мен Атырау қаласының қарттары сынға түскенде ауданымыздың намысын теміржол және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ерғазы Жоламанов және аудандық мәдениет үйінің жанындағы халықтық театр әртісі Гүлбаршын Кенжиева қорғады.
Қатысушылардың барлығы алдымен өз-өздерін таныстырып, салт-дәстүрді насихаттап, өнерлерін ортаға салды. Кейін шешуші кезеңде аталар бата беріп жарысса, әжелер өз қолдарынан жасалған туындыларын көрсетті. Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша қос қатысушымыз да "Алғыс хат" пен ақшалай сыйлыққа ие болды.
Қарттарымызды алған марапаттарымен құттықтап, жетістіктерді бағындыра беруді тілейміз.
А.ЕСЖАН