Саптағы сарбаздармен бірге бір күндік әскери өмір

(0 Votes)

Сарбаздардың 1 күндік әскери өмірі. Иә, сарбаздар таң атқаннан күн батқанға дейін күн тәртібін қалай түзейді?

Осы сауалдарға жауап іздеп, «Мың рет естігеннен, бір күн көрген артық» демекші, өткен аптаның бір күнін жастар әскери бөлімшеде өткізіп қайтты. Жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілген шараға білім беру ұйымдарындағы 11-сыныптың ер балалары қамтылды. Сонда-ақ, Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қаржауова, аудандық алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің әдіскері Е.Құлтаев, пән мұғалімдері бар. Олар облыс бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне қарасты №2016 әскери бөлімшесінде болды.

Жастардың туған жерін қорғауға деген ынта-жігерін қалыптастыру, әскери өмірге деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімге баулуды көздеген ашық есік күні Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Марат Ізмағамбетовтың күн режимімен таныстырумен бастау алды. Отан қорғау қызметінің жауапты міндет, адалдықты талап етер борыш екендігін атаған М.Ізмағамбетов күн тәртібімен таныстырып, жастарға үлкен сенім білдірді.

Бұл күні мектеп оқушылары киім – кешек, қойма, 1 күндік ас мәзірімен танысты. Байланыс ротасының командирі Ж.Уйсимбаев шекара қызметінде қолданылатын байланыс құралдарымен таныстырса, шекара бақылау бөлімінің аға офицері шекара бөліміне арналған техникалық құралдармен, тіпті, АГП – 17 (30мм), РПК (5.45мм), ПК-7 (62мм) құралдарымен егжей-тегжейлі таныстыру шараларын өтікізді. СВД және РПГ-7В, ядролық жарылыс болған жағдайда қолданылатын радиациялық, химиялық-биологиялық құралдары,сарбаздардың далаға шыққан жағдайдағы жататын үйі палаткамен, құрал – саймандары да сақадай сай тұр. Бір күндік әскери өмірмен таныс болған жас жігіттердің ержүрек, батыл болумен қатар, Отанды қорғауға деген сенімдері одан әрі арта түскені сөзсіз. Олар әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен жіті танысып, тәуелсіз ел алдындағы азаматтық борыштың қалай өтелетіндігі жөнінде білді.

А.Есенаманова,

жастар ресурстық орталығының заңгер-маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521