Мінсіз қызмет иесі

(0 Votes)

Биыл жергілікті әскери басқару органдарына - 100 жыл! Жергілікті әскери басқару органдары Отанымызды, жеріміз бен елімізді қорғауға өзінің шексіз үлесін қосып келеді.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру жөніндегі инспекторы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің зейнеткері запастағы старшина Тасқайыров Нұрлан Абайұлының жергілікті әскери органында қызмет етті. Ол Қызылқоға ауданы Қаракөл аулында қарапайым отбасында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтаған соң 1984 жылы өзінің Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. 2 жылдық мерзімде өз қызметін адал атқарып, ауылға аман-есен оралды. Ол өзінің қарапайымдылығымен халықпен тіл табыса білетін жан. Қызметіне адалдығы әркез басшылық тарапынан да мадаққа ие болып жүр. Тәлімгерлікті бірге ұстанған Нұрлан жұмысқа кірген жастарға тәжірибесімен бөлісіп, аянбай еңбек етіп келеді.

Әскерге шақыру науқанында әскерге шақырушылармен әңгімелесу, олардың патриоттық сезімін оятып, психологиялық жағдайын зерделеу, ата-аналармен сұхбаттасу, Отан алдындағы борышын өтеуге аттандыру, мектеп оқушыларымен жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу, құжаттарын жасақтау секілді қызметтің бәріне атсалысып, өз мойнына алған жауапкершілігі мол жұмысты атқарып келді. 2013 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің зейнеткерлік мәртебесі беріліп, запасқа шығарылды. Содан бері өзіміздің жергілікті әскери салада, азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлық, Азаматтарды әскери-техникалық мамандықтарға және келісімшарт бойынша әскери қызметке жергілікті жастарды іріктеу мақсатында үзбей жұмыстар жүргізіп келеді.

Біз, әріптесіміздің өнегелі отбасы екенін әрқашан мақтан тұтамыз. Жары Алтынай екеуі отбасында Бекзат, Бекарыс, Сымбат, Сұңғат есімді ұл - қыздарын тәрбиелеп өсірді. Балалары ер жетіп жоғары оқу орындарын оқып бітіріп еңбекке араласты. Әскери қызметтегі жасаған жетістіктері үшін марапаттарға да ие болып жүр. «ҚР Қарулы Күштеріне 10, 20 жыл», Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің ІІІ –дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл» мерекелік белгімен марапатталды. Жоғары Қолбасшылықтан, Облыстық және аудан әкімдерінен «Алғыс хаттары» бар. Табандылығы мен бар күш-жігерін ел игілігіне жұмсап жүрген Абайұлы Нұрланның әлі талай жастарға ақылшы аға болары сөзсіз.

С.БАЙБАТЫРОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы.

Капитан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521