«Сайлау - біз үшін мереке!»

(0 Votes)

N:206-шы сайлау учаскесі Мақат балалар, жасөспірімдер спорт мектебінде орналасқан. Бұл жерден 1461 сайлаушы өз дауысын береді деп күтілуде.

Учаске төрағасы Ә. Джугинисов барлық санитарлық талаптардың сақтаулы екенін жеткізді. Әзірге денсаулығына байланысты, үйінен дауыс беруге бір өтініш келіп түскен.

Аталған сайлау учаскесінен алғашқы болып таңдауын жасап үлгергендердің бірі - сексеннің сеңгіріне келген орыс ұлтының өкілі Лидия Александровна.

“Аудандық атқару комитетінің жолдамасымен Мақатқа 1969 жылы келдім. Мен сайлауға бұрыннан белсендімін. Бұрын әр сайлау мереке секілді өтуші еді. Бүгінгі таңдауымыздың да ел ертеңі үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бастысы, билікке елі мен жерін шын жүргеімен жақсы көретін тұлғалар келсе деймін”,- дейді әжей.

А.САДЫКОВ
Сурет автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT