Елдің ертеңі үшін бүгінгі әрбіріміздің беріп жатқан дауысымыздың маңызы орасан. Ел өміріндегі елеулі сәттерде мұнайлы мекеннің тұрғындары қашан да белсенді.
Таңмен таласа ерлі-зайыптылар да, жасы мен кәрісі де өз учаскелерінде таңдауын жасап үлгеруде. Солардың бірі теміржол саласының ардагері Нығметов Төлеу.
“Бүгінгі сайлау еліміздің мәртебесін анықтап, бірлігіміздің бар екенін білдіретін тұс. Еліміздің болашағы үшін бәріміз дұрыс таңдау жасай білуіміз керек. Қабырғасы қатайып келе жатқан жас мемлекетіміздің ертеңі жарқын екеніне сенемін”,-дейді зейнеткер.
А.САДЫКОВ
Сурет автордан