№212 дауыс беру учаскесінде дауыс беру басталған сәттен қазіргі уақытқа дейін мұндағы сайлаушылардың 20 пайызға жуығы өз таңдауларын жасап үлгерген.
Бұл тұрғындардың еліміз үшін жасалатын таңдауға бей-жай қарамайтынын аңғартады. Сондай-ақ, бұл жексенбіге қарамастан көпшіліктің сайлауды маңызды санайтынын және оған қатысуға ынталы екендігінің айқын дәлелі.
М.Серікқызы