Мақат орталық мешітінде бас имамы Біләл Сағындықовтың қатысуымен , жамағаттардың ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт айындағы қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Бұл күні тұрмыстық жағдайы төмен көп балалы 20 отбасына азық түлікпен көмек көрсетілді.
Іс-шара барысында бас имам тұрғындарын Мәуліт айының келуімен құттықтап, көпшілікке жұма күнінің қасиетін және бұл дүниеге біздерді Алла тағала сынақ ретінде жібергені жайында уағыз айтты.
Сондай-ақ, мешітке келген ауданның тұрғындары мешіт ұжымына және жамағаттарға алғыстарын айтты. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шаралар тұрақты түрде жалғасады деген ниеттеміз.
Мақат аудандық орталық
мешіттің баспасөз қызметі