Бүлдіршіндер сыйы

(1 Vote)

 «Болашақ» бөбекжай балабақшасында «Сары алтындай сары күз» атты ересек «Шаңырақ» тобында тәрбиеші А.Мұхатованың ұйымдастыруымен күз мезгіліне арналған ертеңгілік өтті.

Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыруға тәрбиешілері барын салса, бүлдіршіндер де аянып қалмады. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін, қуаныш сыйлайтынын бал тілдерімен жеткізуге асықты.

Ертеңгілікке жиналған ата-аналар да балаларының өнеріне разы болып, тәрбиешілер еңбегіне сүйсінді.

Ел болашағының жарқын көрінісі бүгінгі балабақшадан бастау алады десек, мектепке дейінгі білім беру сатысындағы ата-аналардың білім ошағымен тығыз қарым-қатынасы одан да маңызды.

Г. Жұмағалиева,

ата-ана

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT