Ресейде демалып жүр

(0 Votes)

Қазір көктемгі каникул кезі. Оқушылар бос уақытын тиімді өткізу үшін ересектер қолдан келген мүмкіндіктерін жасауда.

Біздің ауданның кішкене саяхатшылары да осындай қамқорлықты сезінуде. Таяуда облыстық білім беру басқармасының қолдауымен Ресей Федерациясының Железноводск қаласындағы көктемгі сауықтыру лагеріне ауданның қамқорлықтағы, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасының 37 оқушысына жолдама берілді. Олар төртінші тоқсанды ерекше серпінді, белсенді түрде бастайтын болады. Оқушылармен бірге жолда жүруі, көктемгі сауықтыру демалысы кезіндегі қауіпсіздігіне жауапкершілік əлеуметтік педагогтерге жүктелді.

Бүгінгі күні оқушылыр шекарадан ешқандай кедергісіз өтіп, Железноводск қаласында жетекшілердің ұйымдастырумен әр түрлі тәрбиелік іс-шараларға атсалысып қана қоймай, лагерьдің емін қабылдап өте жақсы демалуда.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521