Мерейі үстем муайтайлықтар

(0 Votes)

Алматы қаласында муайтай спорт түрінен балалар арасында Қазақстан чемпионаты өткен болатын.

Алматы спорт кешенінде өткен сайыста 6-7; 8-9; 10-11; 12-13 жас аралығындағы мықтылар анықталды. Додаға еліміздің әр аймағынан 300-ге жуық спортшы қатысқан. Олардың арасында Доссор кенті балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің мықтылары да бар. Аудан намысын қорғаған он муайтайшының төртеуі жүлдемен оралды. 19 келі салмақ дәрежесінде Құрманғалиұлы Әли және 36 келі салмақ бойынша Кисоллин Дархан қола жүлдегер атанса, 21 келі салмақ бойынша Болатқали Әли және 32 келі салмақ арасында Түгелбай Ернар күмістен алқа тақты. Жүлделі орындарға ие болған жас спортшыларға естелік сыйлықтар табысталып, арнайы грамоталар тапсырылды.

Байрақты бәсекелерде өз мықтылығын дәлелдей білген Ишан Галиев ағасы Ислам Галиевпен бірге бүгінгі күні өз шәкірттерін шынықтыруда. Бапкерлерінің үмітін ақтаған шәкірттердің алғашқы жетістіктері көңіл толарлықтай. Сондай-ақ, қазіргі таңда Алматы қаласында муайтайдан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында 6 спортшы бақ сынауда. Жас спортшыларға сәттілік тілейміз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521