Тозығы жеткен жолдың екінші тынысы ашылатын болды

(0 Votes)

Мақат пен Доссор аралығындағы жолға жөндеу жұмысы басталатын болды. Республикалық маңызы бар «Ақтөбе -Атырау-Астарахань РФ шекарасы» автомобиль жолының 432 шақырымы қанағаттанарлықсыз күйде. Асфальт жабындысы толықтай тозған. Жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп келеді. Аталған қатынастағы жолды бағдарлама бойынша екі бағытта жүзеге асыру жоспарланды. Бірінші бағыты «Мақат-Сағыз» аралығының 138 шақырымына (468-330 учаскесі) және Мақат -Доссор аралығының 17 шақырымының (487-504 шақырым аралығы) жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болды. Соның 2015 жылы 10 шақырымына (468-458 шақырымы) қайта жаңғырту басталып, осы жылы аяқталды.

Аталмыш жол «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Азиялық Даму Банкінің (АДБ) қатысуымен 2018-2019 жылдары жүзеге асатын болады. Бұл жөнінде аудандық мәдениет үйінде өткен «Қоршаған ортаға келтірілетін әсерін бағалау» тақырыбындағы қоғамдық тыңдауда кеңірек баяндалды. Қоғамдық тыңдауға жол жөндеу жұмысын жүзеге асырушы бас мердігер «Ант Иншаат Маден Санайи аноним ширкети» ЖШС-і директорының орынбасары А.Сапарғалиұлы, бас инженер А.Ибрагимұлы, «Жол сапа» ЖШС-інің инженер-экологы Е.Шедреев, Атырау жол лаборатория кәсіпорнының тапсырушы өкілі М.Назиоллаұлы, кент әкімі Б.Жайкин және тұрғындар қатысты.

Аталмыш учаске 1985 жылдары салынған республикалық маңызы бар автожол болып саналады. Ол көпке белгілі, Ақтөбе және Атырау облыстарының пайдалы қазбалары мен мұнайлы өңірлерін біріктіреді. Аталған мекенде 1,7 млн.адам өмір сүреді. Ол транскаспийлік теңіз транзит дәлізінің (Баку- Астрахань-Атырау-Ақтөбе-Ақтау -Түрікменстан шекарасы) бір бөлігін қамтиды. Сондай-ақ, Қазақстанмен бірге Еуропамен,Солтүстік Ресеймен және Түркіменстанмен біріктіреді. Сондай-ақ, Ақтөбе жағынан 1б санатындағы және Мақат жағынан 6b санаттағы коридорлық учаскесі Орталық Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастықтың учаскесі жалғасады. Сонымен қатар аталған жол Қытай Халықтық Демократиялық Республикасына және Оңтүстік-Шығыс Азияға қосымша қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы жәйттарды ескерсек, баршаға мәлім көне автожолдың сапасы сын көтермейді. Қатты бұзылған жолдың беткі қабаты, су өткізгіш құбырлары, мал өткелдерін қайта оңдау мүмкін емес. қоғамдық тыңдауда мәлім болғанындай, жолдың беткі қабатымен мұнай қондырғыларын және жоғары салмақтағы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін арнайы ауыр жүк техникалары және өзге де ауыр жүк техникалары жүру салдарынан әбден бұзылғандықтан, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету де қиындап отыр.

Тыңдауда мамандар тарапынан құрылыс жұмыстары аумағындағы қоршаған ортаға әсері және де ұсынылған қоршаған ортаны қорғау шаралары туралы, инженерлік техникалық бақылау жайы, автомобиль жолының көліктік эксплуатациялық сипаттамалары туралы түсінік берілді.

Г.ҚАНАТОВА, сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521