РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

(0 Votes)

 Бүгін ауданға “Рахымжан Отарбаев Руханият Қоры” Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Мақат ауданына іс сапармен келді.

Алдымен қонақтар “2024 жылдың үздік білім беру мекемесі” Республикалық номинациясын иеленген № 2 бастауыш мектебіне барып, “Өлкетану”, “Абайтану”, “Ұлттық әдебиет”, “Ұлттық тәрбие” кабинеттерімен, мектеп кітапханасымен, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық аспаптар ансамблі жұмысымен танысты.

Әрі қарай жастар ресурстық орталығында Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығына арналған әдеби кештің қонағы болды.

Әдеби кешке “Рақымжан Отарбаев руханият қорының” жетекшісі, жазушының зайыбы Сәуле Отарбаева, ұлы Ермерей Рақымжанұлы және бір топ әдебиет саласының майталмандары қатысты.

Қазақтан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ш.Айтматов сыйлығының лауреаты, “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығына арналған кеште драматургтің “Сұлтан Бейбарыс” драмасы қойылып, мектеп оқушылар мен ұстаздары жазушының есті естелікке толы “Көрген-баққан” күнделігінен үзінділер оқыды.

Шара соңы аудан әкімі Азамат Саматұлы бүгінгі әдеби кештің өтуіне мұрындық болған әдебиет сүйер қауымға алғысын айтты.

Сондай-ақ, Рахымжан Отарбаевтың қаламынан туған қай шығарма болмасын, тарихи танымға толы екендігін жеткізіп, жазушының мұрасын насихаттауда үлкен еңбек сіңіріп отырған қаламгердің жары Сәуле Отарбаева алғысын білдірді.

Өз кезегінде “Рақымжан Отарбаев руханият қорының” жетекшісі, жазушының зайыбы Сәуле Отарбаева әдеби кешті ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, ауданға қарасты білім беру ұйымдарына жазушының том-том кітаптарын сыйға тартты.

Ж. ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT