Мамандық таңдау - жеті рет өлшеп, бір рет кесетін маңызды шешім.
Сондықтан, өмір бойы жаныңа серік етіп, барыңды салып жасайтын істің сұранысқа ие болуы да маңызды.
Заман көші алға жылжыған сайын кәсіптік білімге ерекше көңіл бөлінуде. Тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз»,- деген болатын.
Яғни, мемлекет тарапынан жұмысшы мамандығына деген ерекше көзқарастың артуы тегіннен тегін емес. Болашақтың мамандығы болар жұмысшы мамандықтарының қай заманда да мемлекеттік негізгі қуаты болып, ел экономикасына басты тірегі болары сөзсіз. Сондықтан аталған сала мамандарының еңбегі қашан да қадірлі болмақ.
Сәбит Халенов,
аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы