"Қыз өссе - елдің көркі"

(0 Votes)

Елінің ғана емес, Еуразияның жүрегіне айналған "Астананың аруы" атану көрінгеннің пешенесіне бұйыра бермейтін бақ.

Бақ болмағанда ше? Ұшы-қиыры жоқ ұлан-ғайыр даламыздың түкпір-түкпірінен тоғысқан мың бұралған арулардың арасынан топ жарып, жерлестерінің мерейін үстем ету ақылына көркі сай қарындасымыздың қолынан келген еді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған онлайн форматтағы кезекті кездесуі "Мисс Астана-2019" атағын жеңіп алған жерлесіміз, "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі Айзада Хабибуллаевамен өтті. Елді елең еткізіп, көпшіліктің қызығушылығын тудырған әлеуметтік желідегі сұхбатты тарих қойнауына жазбаша түрде газет бетіне хаттағанды жөн көрдік.

ЖО: Сенің оқушы кезіңде қобыз үйірмесіне қатысқаныңды білеміз. Осы үйірмеге қызығушылығың неден оянды?

Айзада: Біз мектеп қабырғасында білім алып жүрген шақта өнер мектебінің ұжымы үнемі бізге ұлттық құндылықтарымызды үгіттеп, үйірмелеріне қатысуға шақырып жүретін. Менің апам осы өнер мектебінде фортепиано аспабы бойынша білім алатын. Сол апамның артынан ердім. Оның да менің осы өнер мектебіне келуіме ықпалы зор. Мен мүлде жалыққан емеспін. Музыка мектебінде 5 жыл, одан кейін колледжінде 4 жыл, бұйыртса, университетте 4 жыл оқимыз. Сонда қобыз аспабымен бірге 13 жыл уақытым өтеді екен. Десе де, өзім ұнатып түскен мамандығым болғандықтан ешқандай зерігу деген жоқ.

ЖО: Конкурсқа қатысуға анаң себепкер болған екен. Қандай кезеңдерден өтті және қандай қызықты сәттер есіңде қалды?

Айзада: Үй-ішімнің де достарымның көзқарасы мен қолдауы да керемет болды. Әсіресе, Мақат тұрғындарының қолдауын сезінгенде, олардың менің жеңісім үшін қуанғанын көргенде, қуанышым қойныма сыймады. Жалпы конкурсқа екі апта дайындалдық. Кішкентай балалар үшін киім тоқуды үйрендік, қан тапсыру орталығына да бас сұғып, ол жерге де өз үлесімізді қостық. Конкурс болған соң қызығы мен қиыншылығы қатар жүреді ғой. Мәселен, сәнді киімдерді өзінің деңгейінде көрсету үшін де арнайы іс-қимылдарды меңгеруге тура келді. Іріктелген жиырма қыздың жалпы ойын, өмірге деген көзқарасын білу үшін сұқбат жүргізілді...

Толығырақ газетімізден оқи аласыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521