Қыс қызығы - балалар үшін

(0 Votes)

 Аудан балабақшалары көп күттіріп жауған қарды пайдаланып әртүрлі шаралар ұйымдастырып қалуда. Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру мақсатындағы қызықты бір шара жуырда Доссор кентіндегі "Сандуғаш" бөбекжай-балабақшасында ұйымдастырылды.

Ересек "Арай" тобының балалары мен ата-аналары сынға түскен спорттық сайыс сегіз бөлімнен тұрды. Атап айтар болсақ: гранат лақтыру, допты екі аяқтың арасына салып жүгіру, ата-аналардың шанаға балаларын отырғызып жарысуы, қасыққа кішкене шарды алып жүгіру, допты сақинаға көздеп түсіру, шар үру, аққала соғу және аққардың бетіне бояумен сурет салу.

Табиғаттың керемет кезімен қимай қоштасқан шараның соңында балаларға тәттілер таратылып, ата-аналар дипломмен марапатталды.

Соңғылары өз кезегінде керемет көңіл-күй сыйлаған тәрбиешілерге алғысын жаудырды. Олардың қатарында: Жұмағыз Ғабдуллина, Ақкенже Такелова, Айнагүл Күмісбаевалар бар.

Ағзер Аралбаева

"Сандуғаш" бөбекжай-балабақшасының әдіскері

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521