Ауданда «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

(0 Votes)

Аудан көлемінде 20-24 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау, сондай-ақ, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында бірқатар рейдтік шаралар өткізілді.

Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, қиылыстардан және жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін тексеріп, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызметі аға инспекторы, полиция капитаны А.Мұлхайдаров Доссор кентіндегі А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің оқушыларына және аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Қ.Рахимов Мақат кентіндегі М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушыларды жолдан өткенде сақ болуға шақырды.

М.Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT