Мақаттық полицейлер өртенген үйден 3 жасөспірімді шығарды

https://egemen.kz/
(0 Votes)

21 ақпан күні Мақат кентінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйдің 2 қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты.

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков, аға учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергенов және учаскелік полиция инспекторы Сәкен Қазтұрғанов оқиға орнына жедел жеткен. Полицейлер 2-қабаттағы пәтердің терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп, түтін тұмшалаған пәтерден 3 жасөспірімді қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

«Өртті сөндіру көп уақыт алуы мүмкін. Сол кезде түтін үстінгі қабатқа жайылатыны даусыз. Сондықтан, үстінгі қабаттағы пәтерлерде тұрғындардың қалмағанын қадағалау қажеттігін түсіндік. Уақытты өткізбеу үшін барынша жедел әрекет еттік. Бұл – ерлік емес. Біз қызмет бабындағы міндетімізді атқарып, өрт ортасында қалған жандарға көмек беру үшін келдік», -деді Айымбек Қазбеков.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521