Бәйгетөбе ауылдық округі әкімшілігінде аппарат жиыны өтті. Онда аудан әкімі аппаратының басшысы О.Айкашева аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі бойынша жаңадан сайланған Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Тулеуов Қонысалы Шапайұлымен таныстырды.
Алдымен оның өмірбаяны мен аудан әкімінің өкімінен толыққанды мағлұмат берді.
Тулеуов Қонысалы Шапайұлы 1959 жылы Махамбет ауданында дүниеге келген.
1980 жылы КСРО ІІМ Воронеж қаласындағы арнайы орта милиция мектебінде оқыған. Білімін жетілдіру мақсатында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында оқыған.
Алғаш еңбек жолын Гурьев облыстық ішкі істер басқармасында бастаған.
Аудандық ішкі істер бөлімінің бөлім бастығы, уақытша изоляторының бастығы, 2006 жылы полиция подполковнигі шенімен зейнеткерлікке шыққан. Мақат поселкесі әкімі, «Мақат су Арнасы» директоры, «Нұр Отан» партиясы ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Дін істері басқармасының аудан бойынша маманы, бүгінгі күнге дейін «Атырау Су арнасы» КМК аудан бойынша жауапты маманы қызметін атқарған.
Аудан әкімі аппаратының басшысы алда қыруар істер күтіп тұрғанын айтып, қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары да ақ батасын беріп, ауыл тұрғындарын бірлесіп іс атқаруға шақырды.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Cуреттер автордікі