ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ “МАҚАТ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ” ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

(0 Votes)

 Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Мақат ауданына жұмыс сапары барысында «Мақат футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жұмыс барысымен танысты. 

Алдымен аудан әкімі Азамат Мәмбетов осы жылдың наурыз айында «Мақат футбол федерациясы» қоғамдық бірлестік болып құрылғандығын қазіргі таңда бірлестікте 2 бапкер қызмет атқаратындығын айтып, жас спортшылар ауданның спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып жүргендігін жеткізді.

Яғни, аталған команда ағымдағы жылы Рудный қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы футзалдан Қазақстан Республикасының Чемпионатында чемпион атанғандығын айтып өтті.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы аудандағы спорттың дамуына мемлекет тарапынан қашанда қолдаудың болатындығын жеткізіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT