Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді.
Іссапар барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова алдымен аудандық аурухананы аралап, онда көрсетілер қызметтермен танысты.
“Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда ауылдық медицинаға көп көңіл бөлініп жатыр. Президент тарапынан инфрақұрылымды дамыту бойынша ұлттық жоба іске асырылуда. Еліміз бойынша аталған жоба аясында елді-мекендерге 655 нысан салынуда. Биылғы жылы аяқтайтын боламыз.
Біз мұнымен тоқтап қалмай, жұмысты одан әрі жалғастыру керекпіз.
Айтқандай, аудандық аурухана атқарған жұмыстар бойынша үздіктер қатарынан көрінуде. Ең бастысы халық үшін жасалып жатқан қызметтің қолжетімділігі.
Мемлекетіміздің ең үлкен байлығы халық. Ал халықтың байлығы - оның денсаулығы“,- деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы.
Одан әрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Доссор мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мақсатында кадр тапшылығын жою, тегін берілетін дәрілер, әдістемелік көмек, емхана салу сынды бірқатар сұрақтар қойылды.
Жиын соңында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы аталған сұрақтарға заң аясында жауап беріп, айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.
Іссапар соңы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдаумен қорытындылады.
Ботакөз Асхатқызы