Ауданда жаппай сенбілік өтті

Ауданда жаппай сенбілік өтті
(0 Votes)

«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, бұл – өмір салтымыз», – деп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығына Мемлекет басшысы ерекше тоқталған болатын.

Президент бастамасымен қолға алынған бұл бастама бүгінде аудан көлемінде кең қолдау тауып, шынайы халықтық қозғалысқа айналды.

Осы ретте бүгін аудан көлемінде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар акция аясында өздеріне тиесілі көшелер мен алаңдарды күл-қоқыстан тазартты.

Аудан аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға мекеме қызметкерлері, түрлі еңбек ұжымдары, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысты.

Аудан тазалығына жауапты «Тазалық Көгал» мекемесінің мәліметінше, сенбілік барысында 6 жүк көлігі, 4 қоқыс тасығыш көлік және 2 қоқыс тиегіш техника жұмылдырылып, 68 куб метр қатты тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылған.

 

Ж. Қамза

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT