Қаржылық әлеуетіміз зор

(0 Votes)

 Бірінші қыркүйек Қазақстан халқы үшін білім күні ғана емес, Парламенттің екінші сессиясы ашылып, Президент халқына кезекті Жолдауын жасайтын күн. Бүгінгі Жолдауда сан түрлі мәселе айтылғанымен әркімнің есінде өзінің саласына қатысты сөздер қалатыны анық. 

Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер кезінде жүзеге асырады. Қазақстанның даму бағытын айқындап, еліміздің қай салада алға қадам жасайтындығын нақтылайтын Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында бұл тақырып туралы кеңінен айтылды.

«Қазір Қазақстанда екі қор биржасы бар. Олар жұмыс барысында көбіне бірін-бірі қайталайды, тіпті өзара бәсекеге түсіп жатады. Еліміздің қаржы жүйесі үшін бұл тым артық. Ішкі нарықтың көлемін және тартымдылығын арттыру үшін осы биржалардың әлеуетін біріктіріп, бір жерден басқару мәселесін қарастыру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол төлем жүйелерінің тұрақтылығын сақтау да өте өзекті мәселе екендігіне тоқталып, Ұлттық банкке 2024 жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізу жұмысын аяқтауды тапсырды.

Президент тапсырмалары уақытымен орындалса еліміздің қаржылық жағдайы тұрақтала түсетіні анық.

Мадина Оралова,

Мақат аудандық Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT