Қариясын құрметтеген ауыл

(0 Votes)

Қашанда үлкені сыйлау, қарияны құрметтеу – қазақ халқының бойына ана сүтімен дарып, ұрпақтарды сабақтастырып жазылмаған заңдылық.

Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Бәйгетөбе ауылдық округі мен №7 кітапхананың ұйымдастыруымен  1 қазан –Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»  атты кездесу кеші өтті.

baigetobe-3

Кеште Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мақсотқызы мерекемен құттықтаса, ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Жоламанов:  «Әрбір азаматтың қартайған кезіндегі өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Осының айқын дәлелі жыл сайын зейнетақы мөлшері артып келеді.   Қарттар үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған игілікті істер әлі де жалғаса бермек»-деді.

baigetobe-2

Шараға ауыл қарияларының ішінде әр салада жемісті еңбек еткен ардагерлер қатысты. Олардың бірқатары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі атынан алғыс хатпен марапатталды.

Шара соңы мерекелік концертіттік бағдарламаға ұласып, жиналғандар ақ пен бауырсақтан ауыз тиді.

А.ТАУМҰРЫНОВА
  Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT