Уақыт талабымен үндескен құжат

(0 Votes)

Өткен аптаның жұмасында  аудан әкімінің орынбасары  Нұрлан Ерғалиевтің қатысуымен өткен аудан активінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы талқыланып, маңызды құжаттың бөлім-белестері зерделенді.

Жиынға аудандық мәслихат  депутаттары, кент әкімдері, бөлім  басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым, кәсіпорындар мен мекемелердің, үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.  

Нұрлан Ерғалиев  аудан жұртшылығы тарапынан Мемлекет басшысының Жолдауы қолдауға ие болғанын айтты.

– Елбасымыздың саясатының заңды жалғасы ретінде Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялап, Президентіміз негізгі басымдықты әлеуметтік саясатқа, кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға арнады.  Жолдауда еліміздің тұрақты дамуы, экономикалық өсімі, халықтың денсаулығы мен білімінің сапасы, әлеуметтік қорғау, руханияты мен мәдениетінің дамуы қамтылған.  Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыру мәселесін атап өтті. Қоғаммен тығыз қарым-қатынасты одан әрі дамытып, азаматтардың түйткілді мәселелерін шешуге баса тоқталды. Бұл әрбір мемлекеттік қызметкерден жоғары жауапкершілікті талап етеді. Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық конструктивті сауалдарын жерде қалдырмайтын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын іске асыру. Қазақстан Президенті қойып отырған осы міндетті орындауға азаматтық қоғамды жұмылдыру маңызды, – деген аудан әкімінің орынбасары бұдан әрі Президент ұсынған бастамаларға сәйкес жарыссөзге жазылған жауапты тұлғаларға сөз берді.

Жыл басынан бері «Адалдық алаңы» іске қосылып, оның игілігін халық көруде. Нәтижесінде тұрғындар  өздерінің өтініштері мен ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алған.  Бұл тәжірибе қазіргі уақытта жалғасын тауып, отыр.

qarttarmen

-Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам белсенділері жұмыс тиімділігін арттырса, үлкен нәтижелерге қол жеткізу қиын емес. Әрқайсысымыз азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру туралы Елбасы стратегиясының жүзеге асырылуына жауаптымыз.   Келер жылы аталып өтетін  маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық,  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Сондай-ақ, биылғы Жастар жылы Волонтерлар жылымен жалғасатын болады. Одан әрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуге дайындықты бастаймыз. Осы орайда, Мемлекет басшысы атап өткендей, ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек. Осынау елеулі оқиғалар мен тарихи даталар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады, – деген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов  баршаны үлкен мақсаттарға жетелейтін жолда ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды.

halenob

mendalieba

Кәсібін ашамын деген азаматтарға Жолдау зор мүмкіндік береді. Себебі, мемлекет бизнеске қолдау көрсетіп, Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлмек. 3 жылға дейін салықтан босату туралы айтылды. Бұл – масылдықтан арылудың кілті әрі кәсіпкерліктің дамуына барынша жасалған жағдай.  Орта және шағын бизнес субъектілерінің санын мемлекеттік қолдау арқылы одан әрі арттыруымыз қажет, -деді  сөз алған мәслихат депутаты Әсима Мендалиева.

Президент әлеуметтік саясаттағы бірқатар басым бағыттарды айқындады. Жекелей қарағанда, білім беру саласындағы қордаланған мәселелер ретінде – ауыл мектептеріндегі орта білім сапасы, білікті кадрлардың тапшылығы, оқулық сапасының төмендігі атап өтілді. Мемлекет басшысы бұл бағытта «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды ауыл жастарын отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау, білім сапасына мән беру жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Жолдауда айтылған мұғалімдердің еңбек ақысын екі есеге арттыру педагогтар қауымы үшін жағымды жаңалық болды. Бұл әлеуметтік қолдау біздің ауданды да айналып өтпесі анық.  

abdulob

prokurorymyz

Қасым-Жомарт Кемелұлы бала құқығын қорғау және тұрмыстық   зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беру қажеттігін баса айтты. Жолдауда мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту, балаларға арналған оңалту орталықтарының желісін кұру, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасау туралы міндеттер қойылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедек балаларды оңалту, сауықтыру және әлеуметтендіру бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, ерекше балалардың ата-аналарына ақпараттық, кеңестік және психологиялық көмек көрсету және қолдау бойынша бағдарлама жасақталып іске асырылуда, деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Абдолов.

Жиында сөз алған аудан прокуроры  Бақытжан Қалиев, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова, аудандық кәсіпкерлік палатасының кеңесшісі Рахман Мақсотов Президент Жолдауын бір кісідей қолдап,  маңызды құжатта Президент нақтылап берген бағыт-бағдарды жүзеге асыруға жұмылатындықтарын тілге тиек етті.

Г.ЕСМЫРЗАҚЫЗЫ,

суретті түсірген А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT