Доссор кентінің жылдық есебі тыңдалған жиында Доссор теміржол вокзалына перрон салу мәселесін кент ардагерлері Діңғали Дәулетбаев және Қуат Мыңтұрғанов қозғады.
Кенттің жыл сайынғы дәстүрлі есеп беру жиынында қозғалып келе жатқан перрон құрылысы қашан қолға алынбақ?
Бұл сұраққа аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сәрсен жауап берді.
“Жалпы Мақат және Доссор кенттері теміржолдарына перрон салуға жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Мемлекеттік сараптамадан өтіп тұр. Дегенмен, қаражат бөлінуі кешеуілдеп тұр. Қалай қаражат бөлінеді, солай құрылыс жұмысы басталатын болады”,-деді аудан әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, ардагерлер теміржол бойын абаттандыру мәселесін де қозғап өтті.
Бұл сұраққа кент әкімі Болат Ермеков биыл теміржол аймағын көгалдандыру жұмысы көктемде аудандық мәслихат депутаты Әділбек Идиятовтың бастамасымен абаттандырылады деп жеткізді.
«МТ»
Сурет: ашық дереккөз