Доссор кентінде бүгінгі күні 2609 жеке тұрғын үй, екі және үш қабатты 27 тұрғын үй бар. Барлық тұрғын үйлер коммуналдық жүйелермен толықтай қамтылған.
2018 жылдың ақпан айында «ДОС» Пәтер Иелері Кооперативі құрылып, қазіргі таңда көппәтерлі үйлермен жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы әкімнің тұрғындар алдында есеп беруінде айтылды.
«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған шығын игерілді 100%, нақтыланған жоспар – 700 мың теңге, кассалық орындалысы – 700 мың теңге. Доссор кентіндегі екі және үш қабатты тұрғын үйлер саны 27 (422 пәтер бар) үйді құрайды. Барлық тұрғын үйлер коммуналдық жүйелерімен толықтай қамтылған. Осы аталған үйлерге маса улау жұмыстары толықтай жүргізілді.
Кентте жаңадан тағы бір үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй қараша айында пайдалануға берілді», - деп тоқталды кент әкім өз есебінде.
Сондай-ақ, Болат Ермеков 440 жеке тұлғаның жер учаскесі кезегінде тұрғанын және демеушілікпен салынған 280 орындық балабақшаға 50 жұмыссыз қызметке орналақанын тілге тиек етті.
«МТ»