Кент маңындағы Байшонас ауылы бағытында орналасқан 1 қоқыс жиналған арнайы орын (полигон) аудан әкімінің қолдауымен мамыр айында толықтай жабылды.
Доссор-Құлсары бағытындағы екі тұрмыстық қатты қалдықтар салатын арнайы алаңша басқа жерге көшіріліп, сол көшеде орналасқан әр тұрғынның ауласының сыртына 98 бөшке қойылып, аптасына екі рет тазартылуда. Бұрынғы қоқыс алаңшаларының орнына 2 баннер орнатылды. Кентте 238 қоқыс салатын жәшіктер, 29 алаңша және 72 дана урналар бар. Бюджеттен көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлініп, жыл басынан бері әр түрлі мәтіндегі 35 дана билбордтар қондырылды.
Сәуір, мамыр айларында карантиннің шектеу шараларын сақтай отырып, Доссор кентінде 500 тал, 300 дана раушан гүлдері, 10 000 дана петунья гүлдері жоспарланған жерлерге отырғызылған.
Сонымен қатар, «Бақылау бекетіне» жәй жөндеу қызметіне, «Қараусыз жүрген малдармен, айыптұрақ үшін» құрылыс жұмыстарына, «Талдарды қоршау жұмыстарына», «Билбордтарды жасау және күтіп ұстау қызметіне» жұмсалды деді кент әкімі Б.Ермеков жылдық есебінде.
«МТ»
Сурет: ашық дереккөз