Пойызда алаяққа арбалып қалмаңыз!

(0 Votes)

«Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» қағидасы елімізде барлық құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті қамтиды. Көліктегі Полиция Департаментінің жолаушылар пойызындағы ілесіп жүру батальоны 3 рота 2 взводының қызметкерлері Мақат-Бейнеу-Мақат-Сағыз-Мақат бағытындағы жолаушылар пойызында «Теміржол бойындағы кездесу» іс-шарасына белсенді қатысты.

Шара кезінде жолаушылар пойызында жүру тәртібі мен жеке мүліктерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ халыққа қылмыстық оқиға, ұрлық-қарлық орын алған кезде арнайы хабарламалар арқылы дереу көлік полицейлеріне жеткізу жайы түсіндірілді. Оның ішінде: сапар барысында бейтаныс адамдарға ұялы телефонын пайдалануға бермеу, кездейсоқ адамдардың жол жүру құжаттарын алмау, пойыз купесінде жеке мүлік, құжат, ұялы телефон сынды заттарды қараусыз қалдырмау, жол жүру кезінде бейтаныс біреулермен таныспау, ішімдік пен құмар ойындарынан аулақ болу, түнгі уақытта купе есігін жабуды ұмытпау жөнінде жолаушыларға ескерту қағаздары таратылды.

Мақат стансасындағы желілік бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Көптлеуов, көліктегі Полиция Департаментінің жолаушылар пойызындағы ілесіп жүру батальоны, 3 рота, 2 взвод командирі полиция аға лейтенанты М.Жарманов, Мақат станциясының вокзал бастығы Б.Бозжигитова, жолаушылар пойызының бастығы Н.Қалағанов бірлесіп, Мақат-Бейнеу бағытындағы 310 «Ақтөбе-Маңғышлақ» жолаушылар пойызының жолсеріктері және жолаушыларымен кездесті.

Кездесу барысында әкімшілік және қылмыстық заңнамаларының ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – тұрғындардың бойына «Тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұқушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру болса, осы реттегі құқық бұзушылыққа көзжұмбайлықпен қарау тәртіпсіздіктің белең алуына алдыңғы себеп екендігі түсіндірілді.

Бұған қоса ұрлық, алаяқтық сынды жолаушылар пойызында жиі орын алатын бұзақылық әрекеттер сөз болды.

Көліктегі Полиция Департаментінің жолаушылар ілесіп жүру батальоны 3 рота 2 взводының полицейлері жолаушылардың өз қол сөмкелерін қараусыз қалдырмай, заттарына мұқият болуларын ескертті.

М.ЖАРМАНОВ,

көліктегі Полиция Департаментінің жолаушылар пойызындағы ілесіп жүру батальоны 3 рота 2 взвод командирі,

полиция аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521