Мүмкіндігі шектеулі жандар ұдайы назарда

(0 Votes)

Ел Президенті өзінің қай Жолдауында болмасын, халық арасындағы әлсіз топтарға, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсетіп, оларға қоршаған ортада қолайлы жағдай жасауды талап етіп отырады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық тиімді жағдайлар­ды қарастырып, олар үшін кедергісіз орта қалып­тастыруды басты назарға қойып келеді. Осы бағытта Доссор кенті әкімдігінде мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жиналыс өтті. Жиынға кенттегі мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Жиын барысында мүгедек жандардың қоғамда толыққанды өмір сүруі мен жұмыс істеуіне кедергі жасайтын қиындықтар мен кедергілерді жою туралы әңгіме өрбіді.

«№7 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жайна Қуанғалиева баяндама жасады. «Жалпы, кентте 395 мүмкіндігі шектеулі жандар болса, оның 106 ерекше бала. Олар түзету кабинетіне барады. Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің қорытындысы бойынша кабинеттен түзетіліп, мектепке 18 бала қосылып, жалпы мектептегі ЗПР сыныбына 1 бала жіберілді. Қазіргі таңда кабинетте 26 топ және жеке қабылданатын 10 (ерте жастағы аутизм, ақыл-ойы тежелген) балалар бар».

Аудан бойынша ерекше білімді қажет ететін бала саны көбеюде. Сол себепті жеке ғимарат жағдайы қарастырылып, барлық балаларды қамтитын жағдай жасалынса деген ұсынысын білдірді Жайна Ғилымқызы.

Доссор селолық ауруханасының бас дәрігері Нұрғали Басымбеков баяндамасында кенттегі денсаулық сақтау бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін Доссор кенті әкімі Ербол Ермағамбетов оларға арнап спорт, өнер үйірмелерін қарастыруды алға тартты. Сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуді жетілдіру, оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру, техникалық құралдармен қамтамасыз етумен бірге, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту және олардың қоғамдық өмірмен тығыз қарым-қатынас орнатуы үшін кедергісіз орта қалыптастыру мәселесіне айрықша көңіл бөлуге шақырды.

Кент тірлігінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру бағытында кітапханалармен байланыс, мәдени шараларға тарту, автокөлікпен қамтамасыз ету, ерекше балалардың ата-анасымен психологиялық тренингтер ұйымдастыру, оңалту орталығын ашу сияқты бірқатар пікірлер ортаға салынып, талқыланды.

Мүгедек жандардың өмір сапасын арттыру мәселесін кент әкімдігі басты назарға қойып отыр.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521