Темір жол бойында бөгде адамға орын жоқ

(0 Votes)

Темір жол бойы аса қауіпті аймақ. Тәулік бойы жүйткіген пойыздар, бірнеше жолдарда құрастырылып жатқан құрамалар темір жол бойындағы бөгде адамдардың болуына қауіпті.

Барлық жерде теміржолдан өтуге болмайтыны туралы тақтайшалар қондырылған. Жаяу жүргіншілер үшін (Бәйгетөбе ауылына қатынайтын) аспалы көпір адамдардың қауіпсіздігі үшін қойылған. Бірақ, көбінде мұны адамдар ескермей кез келген жерден өтеді. Жылжымалы құрамаға тақалып жүреді, ия болмаса оның астынан өту жағдайлары бар.

Мәселен «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ-ның Атырау бөлімшесінен келген жедел хатында көрсетілгендей 2018 жылдың 12 ай ішінде 35 адам басып кету оқиғасы болған, оның ішінде 5 адамның өмірі қайғылы жағдаймен аяқталса, 25 адам ауыр жарақат алды.

Теміржол бойында адамдар өз қауіпсіздігін қадағалап жүрсе, қайғылы жағдай болмаған болар еді. Теміржол бойындағы жылжымалы құрамалар әр уақытта қозғалыста болатыны, жүк пойыздарын ажырату, бөлшектеу және қайта жасақтау, жүк вагондарын түсіріп-тиеу үшін тұйық жолдарға қою кезінде теміржол бойында бөгде адамдардың болуына қауіпті.

Бірақ, соған қарамай, адамдар кез келген жерден кесіп өтуге құмар-ақ.

Жалпы ереже бойынша теміржол бойында бөгде адамдардың жүруіне тыйым салынған. Осындай талаптарға мән бермеушілік қайғылы оқиғаларға әкелетіні жоғарыда айтылды. Сондықтан, ата-ана, мектеп, тәртіп сақшылары, қоғам болып бұл іске атсалыспаса, қайғылы оқиғадан арылуымыз қиын.

Өз өміріміздің қауіпсіздігі өз қолымызда екенін естен шығармайық, ағайын.

Сақтықты санадан шығарып, өкінішке ұрынып жүрген жайттар өмір бойы өзекті өртейтінін тұрғындар естен шығармаса дейміз.

Т.КАНАТБАЕВА,

Мақат станциясының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521