«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әсел Шайзадақызы және Асылбек Өтегенұлы «Мақат» бастауыш партия өкілдерімен ZООМ платформасы арқылы онлайн жүйеде кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның жетістіктері, қоғамдық қызметтері және сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Үміткерлер партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ, кандидаттар партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл-аймақ игілігі үшін жасалатын істер турасында айтып өтті. Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
«Біздің бағдарламамыз айқын, мақсатымыз анық. Өткелі отырған сайлау келешектің жолашары болмақ. Алда түрлі саяси-әлеуметтік реформалар күтіп тұр. Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламаны қамтып отыр. Онда праймериз кезінде айтылған ұсыныстар, пікірлер, аманаттар бәрі де ескерілді. Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту толық қамтылды. Елдің болашағы баршамыздың қолымызда болғандықтан алдағы сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», - деді Ә.Қаржауова.
Жалпы көптеген мәселелердің шешу шарасы Мақат аудандық «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Осы орайда өркениетке ұмтылған ауыл тұрғындарының «Nur Otan» партиясынан әлі де күтер жақсылықтары мол.
М.Серікқызы
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді