Экспромт кездесуде партияның мақсат-міндеті түсіндірілді

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қуаныш Исмагулов, Әсел Қаржауова, Мереке Басанов, Асылбек Өтегенов үгіт-насихат жұмыстары аясында Доссор кентінде орналасқан «Держава» азық-түлік дүкенінде экспромт кездесу ұйымдастырды.

Партия өкілдері дүкендегі сатушы және сауда жасаушы тұтынушылармен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі халықтың ұсыныс-тілектерін тыңдап, ашық талқыға салды.

Сондай-ақ, кездесуде тұрғындар үміткерлерге көкейдегі сауалдарын жолдап, ел ішіндегі түйіткілді мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының ел игілігі үшін жасап жатқан жақсылығы мен жетістіктерін де тілге тиек етті.

d53f055d-d1a7-41b7-be9c-90349c0e90f4

«Партия халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етіп жатыр. Бағдарламада көрсетілген 7 бағыт ауданның кешенді дамуына бағытталғанын біліп қуанудамыз. Ауданымыздың бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ болуына «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күш ретінде игі жұмыстарын жалғастырады деп сенеміз. Алдағы сайлауда партияны қолдаймыз»,- деді аталмыш дүкен саудагерлері.

Кездесу соңында үміткерлер айтылған мәселенің барлығы назарға алып, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізіп, 2021 жылы 10 қаңтар күні сайлауда айтулы партияға дауыс беруге шақырды.

М.Ізтұрғанова
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT