Партия активі Жолдауды талқылады

(0 Votes)

Апта басында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында партия активі өтті. Актив отырысына партия филиалының атқарушы хатшысы Әсел Шайзадақызы төрайымдық етіп, аудан әкімі Ринат Хисаұлы, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, бөлім басшылары, партия ардагерлері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Алдымен, партияның атқарушы хатшысы Әсел Қаржауова Жолдауда еліміздің келешекке кемел қадам басуын қамтамасыз ету үшін Президент батыл да маңызды бастамалар көтергенін айтып өтті. Сондай-ақ, Президенттің қоғамдық күші ретінде бәсекеге анағұрлым қабілетті болып шығуға, еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек ету қажет екендігін айтты.

Жиын барысында Жолдаудағы бес бағдарды қолдау бағыты бойынша баяндамалар тыңдалып, оны іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды.

Алғаш болып сөз алған аудандық мәслихат депутаты Азамат Қожабайұлы Президент Жолдауының алғашқы екі бағдарына тоқталып кетті. Соның ішінде, жаңа экономикалық бағдардың басты басымдықтары: жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту, бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу секілді жаңа экономикалық саясат бағдарын саралады.

7693825d-539d-4074-a02f-ddf7c9d20933

Одан кейін, ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратын білім жүйесін жетілдіру бағытындағы міндеттер төңірегінде аудандық мәслихат депутаты Бақыткүл Әділбекқызы мен Жолдауда жастарға жан-жақты қолдау көрсету мәселесі төңірегінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшесі, партия белсендісі Ғалымжан Бақытжанұлы өз ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді.

Жиын барысында аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Сүлейменұлы: «Жолдауда айтылған жайттардың түпкі мақсаты – жұрттың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Саяси, экономикалық реформалардың, игі бастамалардың бәрі осыған бағытталған»,- деп өз пікірін білдірді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ринат Ибрагимов сөз соңында аудан автивтеріне Жолдауда берілген басым бағыттарды орындап, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Жалпы әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдау партияға айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл тұрғыда жаңару үстіндегі «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және ұсыныстарына ұйытқы бола отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады. Жиында партия филиалының Атқарушы хатшысы биылғы Жолдаудағы осы сынды негізгі басымдықтарға кеңінен тоқталып, мән-маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, Жолдауды насихаттауға арналған штаб құрылғаны жеткізіліп, жұмыс жоспарын таныстырды.


Ә.ҚАСЫМ
Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT