Мақат дала өртіне дайын ба?

(0 Votes)

Мақат ауданының орталығындағы "Бостандық" ықшам ауданы маңында дала өртінің алдын алу дайындығын пысықтан тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Оған Мақат, Доссор кенттері және Бәйгетөбе ауылдық округ әкімдіктері мен «Наркескен» қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтары, су, газ, жарықпен қамтушы мекемелер, жедел-жәрдем, байланыс бөлімі, өрт сөндіру пойызы жасағы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, байланыс қызметкерлері қатысты.

c026c3c1-f18f-4aff-b8ca-154a1c1d4965

Айтып келмейтін апатқа дайындықты тексеру мақсатында өткен шарада төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының, ерікті өрт сөндіру жасақтарының және мекемелердің дайындығы тексерілді.

Аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Орынбасарұлы шараға өзі қатысып, жаттығу жиынының жүргізілу барысын бақылады.

Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Камалов Асланның  айтуынша, жазғы уақытта орын алатын қызыл жалын көбіне ыстықтан, өшірілмеген темекі тұқылынан, әйнектен өткен күн сәулесінің шөпке берілуінен орын алынатын көрінеді. Яғни, далада демалыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін ескермеудің салдары дала өртіне алып келеді екен. Бір қуантатыны, ауданда 5 жылдан бері дала өрті орын алмаған.

8e716a65-5eef-41eb-9b48-9419bda21199

Айта кетейік, іс-шараға 18 мекемеден 75 қызметкер қатысты. Сондай-ақ, "Наркескен" ерікті өрт сөндіру жасағының 30 сарбазы мен 36 әр түрлі техникалар жұмылдырылды.

 

А.Жұмабергенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT