Қосалқы шаруашылыққа жер беріледі

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 102-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері ауылдық елді мекендердің жерінен беріледі.

Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған жер учаскесі үй маңындағы жер немесе егістік телімдері болуы мүмкін. Үй маңындағы телім ауылдық елді мекендердің шекараларында (шегінде) беріледі және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар тұрғызу үшін пайдаланылады. Егістік телім елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобасына сәйкес ауылдық елді мекендердің жерінен не әкімшілік бағынысқа берілген аумақтарда беріледі және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін ғана пайдаланылады.

Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуге ниет білдірген азамат жер учаскесін бөлу жөнінде ауылдық округ әкімдігіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы Мақат аудандық бөлімі арқылы ауылдық округі әкімінің атына өтінішін жазады. Ауылдық округ әкіміне келіп түскен өтініш тиісті бөлімге жолданып, аудандық тұрақты жұмыс жасайтын жер қатынастары жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде беріледі. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандықпен айналысуға және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын азаматтар ортақ мүдделеріне қарай құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жай серіктестіктерге,бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтеріне бірігуге құқылы.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521