Талапқа сай келмеген пеш газден ажыратылады

(0 Votes)

Ауданымызда көп қабатты үйлерде стандарттық талаптарға сай келмейтін жылыту қондырғыларын пайдаланып отырған тұрғындар кездеседі.

Осыған байланысты, аудан әкімінің 2018 жылғы 27 шілдесіндегі №236-ө өкімімен Мақат, Доссор кенттері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердегі жылу қазандықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ пәтерлерді аралап, жылыту пештері стандарттық талаптарға сай келмейтін тұрғындарға қондырғыны ауыстыру жөнінде ескерту бетшесін береді. Қойылған талап 1 ай мерзім ішінде орындалмаған жағдайда, пәтер иесіне газ беру тоқтатылады. Сондықтан, әр тұрғыннан осы мәселеге жауапкершілікпен қарау сұралады. Жалпы, газ қондырғылары мен жылыту пештеріндегі ақаулық адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Осыған орай, ең алдымен, әр тұрғын үйде заң талаптарына сай жылыту қондырғылары орнатылу қажет.

Сонымен қатар, тұрғындарға газ құралдарының, мұржалардың және де желдеткіштердің жұмыстарын қадағалап отыру, газ құралдарын қосқан кезде түтіннің мұржа арқылы тартылуын тексеру, мұржаның «қалтасын» әр уақыт тазалап отыру ескертіледі. Газ қолданғаннан кейін газ құралдарының крандарын жабу, газ құралдарындарында ақау болған жағдайда тез арада газ құралдарын пайдалануды тоқтату, крандарды жабу, терезе немесе желдеткішті ашып, бөлмені желдету және газ шаруашылығы қызметкерін шақырту қажет.

АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521