Өнерлі өрге жүзер

Өнерлі өрге жүзер
Сурет: автордікі
(0 Votes)

М.Баймұханов мектебінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында композитор, күйші дирижер Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өнерлі өрге жүзер» атты музыкалық өнер байқауы өтті.

Шара барысында алдымен Атырау қаласы №4 көпсалалы мектеп гимназия директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазылар алқасының мүшесі Нұргүл Жайкина сөз сөйлеп, бірлік күнімен құттықтады.

Аталмыш байқауда ауданның өзге ұлттан құралған өнерлі де дарынды оқушылары таланттарын ортаға салып, сынға түсті. Ән айтып, би билеп, фортепианода ойнап, сурет үйірмесінің оқушалары өздері салған бірнеше картиналарын көрермен назарына ұсынды.

Шара соңында әділқазы алқаларының шешімі бойынша Л.Шахатов мектебінің 3 сынып оқушысы Арианна Скоп бірінші орынды қанжығасына байлап, облыста өтетін байқауға жолдама алды.

Сондай-ақ, О.Сарғұнанов мектебінің 3 сынып оқушысы Равэль Кен мен аудандық балалар өнер мектебінің би үйірмесі оқушысы Диана Бастун үшінші дәрежелі дипломмен, сонымен қатар, Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің сурет үйірмесінің 1 сынып оқушысы Илья Полфунтиков және Л.Шахатов мектебінің 3 сынып оқушысы Лера Григорьева екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ал, аудандық балалар өнер мектебінің 4 сынып оқушы Варвара Сафронова, М.Баймұханов мектебінің 6 сынып оқушысы Игорь Бузиков арнайы алғыс хатқа ие болды.

                                                                                                                          Г.Жұбанышқалиева

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT