ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
(0 Votes)

Атырау қаласында 29-30 сәуір күндері жеңіл атлетикадан ересектер арасында тірек-қозғалыс аппраты және көру мүшесі зақымдалған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында облыстық чемпионат өткізілді.

Бұл жарыста жерлестеріміз толағай табыстарға жетіп, 7 алтын, 5 күміс медальді жеңіп алды.

Жарыс барысында ерекше нәтижелер көрсеткен спортшыларымыздың ішінде Айсұлу Хасанова 45 класс бойынша, найза лақтыру, ядро итеруден және диск лақтырудан да I орынды иеленсе, Орынбасар Байсұлтанов 13 класс категориясында найза лақтырудан I орын, диск лақтыру мен 100 метрге жүгірден II орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, Амангелді Қуанышев 13 класс бойынша найза лақтырудан II орынды, ядро итеру мен диск лактырудан I орынға ие болса, Бақытжан Құлсариев 54 класс категориясында диск лақтырудан I орын, найза лақтыру мен ядро лақтырудан II орынды иеленді.

Бұл жеңістер біздің спортшыларымыздың жоғары дайындығы мен еңбекқорлығын көрсетеді.

Облыстық чемпионаттан оралған спортшыларымыз алдағы уақытта өтетін республикалық чемпионатта бақ сынайтын болады.

 

Ә.ҚАСЫМ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT