Бірлік күні аталып өтті

(0 Votes)

 Бүгін орталық алаңда 1-мамыр Қазақстан Халқының бірлігі күніне, Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 30 жылдығы мерекесіне орай «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік концертте сөз сөйлеген аудан әкімі Азамат Мәмбетов жиылған жұртшылыққа, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдыры тоғысқан мұнайлы мекен тұрғындарына толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ, өзге ұлт өкілдерінен құралған мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік алғыс хаты мен арнайы медалдарын табыстады.

Әрі қарай шарада әртүрлі ұлттың өнері мен мәдениеті сахналанды.

Сонымен қатар, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жәрмеңкеде ұлт пен ұлыстың тағамдары мен ұлттық бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Г.Мәмбетқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT