Ойлайтынымыз - ел тыныштығы

(2 Votes)

Ел тыныштығы елдің ертеңі мен болашағы сын сағатына түскен айтулы сәтте, жақсылықтың нышанындай аспанымызды асықтай бұлт шалмай, төбеміздегі күн де күлімдеп тұр.

 №207 учаскелік сайлау комиссиясы Х.Санбаев атындағы орта мектепке орналасқан. Есігін таңғы жетіден айқара ашқан учаскеге ағылған жұрттың қарасы қалың. Бақылаушылардың айтуынша, сайлау бірқалыпты, ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ.

Ныгмажев Дархан,теміржолшы,

станция бастығының шұғыл жұмыс жөніндегі орынбасары:

d

Сайлауға келіп дауыс беру - әр адамның азаматтық борышы деп білгесін осы жерден табылдым. Дауысымды берген үміткер өзінің сайлау алдында берген уәделерін орындап,Қазақстанның алдыңғы қатарлы ел санатынан табыларына еңбектенетініне сенемін.

Дауылбаева Жұмажан,кент тұрғыны:

d

Қазір келіп өз дауысымды бергеніме қуаныштымын. Сайлаған үміткеріміз ел басына келіп, халықтың ойлаған армандарына жеткізсе деген тілегім бар.

Ізмұқанов Серікбай, зейнеткер:

s

Сайлау жақсы өтіп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда елдің тізгінін ұстау оңай емес. Маңызы өте жоғары болғандықтан, таңмен таласып, дауыс беруге келіп отырмын.Ойлайтынымыз еліміздің тыныштығы, халқымыздың қарыны тоқ, көйлегі көк болса дейміз.

А.САДЫҚОВ,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521