Ақсақал мен аудан әкімі өз таңдауын жасады

(1 Vote)

Бұл күні Мақат кентіндегі М.Баймұханов атындағы орта мектепте орналасқан № 204 сайлау  учаскесі сағат 7.00.-де өз жұмысын бастап кетті.

Кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға  алғашқылардың қатарында дауыс берген 89 жастағы Мизам Жолиманов  болды. Ол ел үшін маңызды іске ерте тұрып келгенін өзінің азаматтық борышы санайды.

w

w

Ең жасы үлкен сайлаушы ретінде естелік сыйлық ұсынған сәтте де: «Бұл- менің  азаматтық міндетім ғой»  деп жауап берді.

Сондай-ақ, ақсақалдан соң бірер минут өткен сәтте сайлау учаскесіне аудан әкімі Жұмабай Қарағаев келіп, өз таңдауын жасады.

w

Жалпы ОСК дерегінше, Қазақстанда дауыс беруге құқығына ие 12 миллионға жуық сайлаушы болса, соның 1455 сайлаушысы №204 сайлау учаскесіне тіркелген.

Е.МЫРЗА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521