«Олар арбаны кедергі санамайды»

(1 Vote)

Кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауының ауданымызда өту барысын бақылаушылар  қатарында «Аманат» азаматтық платформасының мүшелері  жұмыс жасауда.

Аталмыш бірлестіктің аудандағы өкілі, Атырау облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің аудандық филиал басшысы Тыныштық Есжанова:

-Ашық әрі әділ сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының ерікті бірлестігі қатарына ене отырып,  сайлаушылардың құқықтары сақталуы, жалпы сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне бақылау жасауды мақсат етемін.  Қазірдің өзінде №206, 207, 208 сайлау учаскелерінде болып, сайлаудың өту барысын бақыладым. Бәрін де тыныш. Әрі талапқа, заңға сәйкес өтуде.

Сондай-ақ, инвотакси арқылы мүгедек жандардың өз сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруіне мүмкіндік жасауды қолға алдым. Қазір инвотакси жол үстінде. Мемлекеттің азаматы әрі қоғамның мүшесі ретінде өз дауысын беруге құқылы. Сонымен бірге осындай жауапты кезеңде аяғы жүрмесе де, арбасымен келіп, өз таңдауын жасауды олар борышы санайды.

Е.МЫРЗА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521