Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Мақат ауданына жұмыс сапарымен келді.
Алдымен сапар барысында «Мақат аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігі» филиалының жұмыс барысымен танысты.
Қоғамдық бірлестік – аудан аумағындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысу және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасайды.
Кездесу барысында “Мейірім” қоғамдық бірлестігінің басшысы Тыныштық Поведовна орталықтың атқарар жұмысына тоқталып, орталықтың бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оқытып, жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді.
Қазіргі таңда аталған қоғамдық бірлестіктің жанынан әр түрлі бағыттағы киім және көрпе дайындайтын тігін цехы жұмыс жасауда.
Тігін цехы «NCOC» компаниясының демеушілігі арқылы толық арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған инватаксимен жабдықталған.
Одан бөлек, қазіргі уақытта «NCOC» компаниясының демеушілігімен оқыту арқылы әр түрлі салалар бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білімін арттыруда.
Аталған мекеменің жұмыс барысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы мұндай бірлестіктер азаматтардың белсенділігін арттырып, әлеуметтік теңдік пен инклюзивті орта құруға үлес қосатындығын айтып, ұжымға сәттілік тіледі.
Ә.Қасым